Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ҚХР-дан келген жұрт мемлекеттік төлемдер алу үшін жалған құжаттар жасаған

ҚХР-дың түрлі ұйымының мөртаңбасы мен мөрлерінің жалған бедерлері, нотариустың мөрі мен қолы бар нотариаттық бланкілер, кесуге арналған станок және басқа да заттар табылды...

ҚХР-дан келген жұрт мемлекеттік төлемдер алу үшін жалған құжаттар жасаған
фото: kostanaytany.kz

Алматы облысында ҚХР-дан келген қазақстандықтар әлеуметтік төлем алу үшін жалған құжаттарды пайдаланған, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Істі Алматы облысы бойынша ЭТД және Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының қызметкерлері тергеген. Олар ҚХР-дан келген Қазақстан азаматтарына әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысатын адамдар тобын әшкереледі.

"Тексеру барысында ҚХР-дың түрлі ұйымының мөртаңбасы мен мөрлерінің жалған бедерлері, нотариустың мөрі мен қолы бар нотариаттық бланкілер, кесуге арналған станок және басқа да заттар табылды және тәркіленді. Олардың көмегімен еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке туралы куәліктер сынды әртүрлі жалған құжат жасалған", - деп хабарлады ведомство.