Мобильдік топ өкілдері әлі пайдалануға берілмеген "Сабыр" тұрғын үй кешенінің мердігерлерін де жазалады...
Ақтау тұрғыны паркингте той жасағаны үшін 90 мың теңге айыппұл арқалады. Ол карантин кезінде отбасының қуанышын көпқабатты үйдің астындағы көлік тұрағында өткізген, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіге таралған видеода 25 жылдан бері той басқарып жүрген асаба паркингтегі тойды алғаш көргенін айтып таң қалып тұр. Той иесі карантин шектеуіне байланысты мейрамхана таппаған болса керек, тұрғын үйдің көлік тұрағын тойханаға айналдырған. Сәндеп шар іліп, кілем жайып, төрт қатар үстел қойған. Кейін белгілі болғандай, мұнда беташар өткен екен. Той иесінің айтуынша, отбасы қуанышына бар-жоғы 50-ге жуық туыс-туғаны мен достары жиналыпты.
Мобильдік топ өкілдері әлі пайдалануға берілмеген "Сабыр" тұрғын үй кешенінің мердігерлерін де жазалады. Паркингте той өткізуге рұқсат берген құрылыс компаниясы енді 670 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Учаскелік полиция инспекторлары жан-жақты жұмыс істеп, іс-шараны ұйымдастырған, басқарған адам анықталып, одан қысқаша түсініктеме алынды. Той шағын аудандағы "Сабыр" тұрғын үй кешенінде 21 ақпанда түскі уақыт шамасында болған. Қазір мобильді топ жұмыс істеуде.
Тағы оқи отырыңыз: Жұрт енді тойды жерасты паркингінде өткізіп жатыр (ВИДЕО)
Ал атышулы видеодағы сол тойдың асабасы:
"Видеоны мен түсірмедім, таратқан да мен емес. Тек бір адам қасыма келіп, "Не дейсіз?" дегенде айтқаным ғой. Ал ол видеоны достарына таратып жіберіпті", - деп шыр-пыр етеді.