Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Жұрт енді тойды жерасты паркингінде өткізіп жатыр (ВИДЕО)

Ер кісі 25 жыл той басқарғанын айтып, мектеп, тойхана, шатыр бәрін көріп өскенін жеткізді...

фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде жерасты паркингінде өткен той туралы видео тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Тойдың нақты қайда өткені белгісіз. lada.kz-тің хабарлауынша, Ақтауда өткен болуы мүмкін. Видеодағы ер кісі халықты тойға шақырып, паркингтегі тойды әлі ешкім көрмегенін айтты.

"Біз бастап жатырмыз. Мына жақта көліктер тұрса, мына жақта - той", - дейді ол.

Сондай-ақ ер кісі 25 жыл той басқарғанын айтып, мектеп, тойхана, шатыр бәрін көріп өскенін жеткізді.

"Паркингтегі той әр адамға бұйыра бермейді. Бұл хит той ғой", - дейді асаба.