Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Қазақстанда шалқып жүрер еді»: Бекболат Тілеуханның жерде тамақ ішіп отырған видеосы тарады

Бекболат Тілеуханның Түркия бір топ азаматпен тамақтанып отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Қазақстанда шалқып жүрер еді»: Бекболат Тілеуханның жерде тамақ ішіп отырған видеосы тарады
фото: әлеуметтік желіден

Видеода бір топ азамат жерге дастархан төсеп, асқа кіріскелі жатыр. Төрде Бекболат Тілеухан да отыр.

«Бауырым, кішкентай табақ әкеліп бересің бе?», — дейді Тілеухан түрік тілінде.

Видеоны жариялаған адам жақсы адамдардың ортасында Меккеге апаратын жол ретінде ниет етіп отырғанын айтады.

«Меккеге баратын қадамдардың бірі деп тілейік. Жақсы адамдармен отырмыз. Меккеде жейтін тамақ», — дейді видеоның авторы.

Видеоның астына жазылған пікірлердің қарасы өте көп. Кейбіреуі жат жерде жүргеннен гөрі, Қазақстанда жақсы күн кешетінін айтқан.

«Кімнің балконында отырсың, Бекболат? Елде болсаң, бөлменің төрінде отырар едің. Ойбай, мынаған не болған. Бекболат аға, бұрын сізге қарап, қазақ болғаныма қуанатын едім. Дастарханның мәнісі болмай тұр, Қазақстанда шалқып, қазы-қарта жеп жүр едіңдер, қайран қазағым. Бекболат депутат болғандар тәуір еді», — деп жазған олар.