Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Карантин: 133 мың заңсыз мигрант Қазақстаннан өз еркімен кетті

Жедел профилактикалық іс-шара барысында іздеуде жүрген 140 қылмыскер ұсталған...

Карантин: 133 мың заңсыз мигрант Қазақстаннан өз еркімен кетті
фото: 24.kz

Биыл Ішкі істер министрлігі "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасының екі кезеңін өткізді, деп хабарлады paryz.kz, bairaq.kz-ке сілтеме жасап.

"Пандемия кезінде Қазақстан аумағында болған мыңдаған шетелдік елден шыға алмай қалды. ІІМ Көші-қон қызметінің, шет мемлекеттер өкілдіктерінің және көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның көмегімен бұл адамдардың құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 133 мың заңсыз мигранттың елден өз еркімен кетуіне көмектесті. Төлқұжатының қолданылу мерзімі өткен 675 шетелдік қайтып оралуға арналған куәлік алды", - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Жедел профилактикалық іс-шара барысында іздеуде жүрген 140 қылмыскер ұсталған. Олардың ішінде 129 қазақстандық, ТМД елдерінің 10 азаматы, сондай-ақ, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және бопсалау фактісі үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы бар.

"Қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бұл - полицияның негізгі міндеті. Сонымен бірге, біздің елде уақытша жүрген қонақтар заңдарды құрметтеуге және елде болу ережелерін бұзбауға міндетті. Сондықтан көші-қон қызметінің бұл бағыттағы жұмысы тұрақты түрде жүргізілуі қажет", - деді министр.