Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Мұсылман еркектер маза бермеді»: Түсімде Пайғамбарды көрдім деген қыз хиджабын шешті (ВИДЕО)

Көпшілікке ТикТок әлеуметтік желісінде “Түсімде Пайғамбарды көрдім!” деп танымал болған блогер Назерке хиджабын шешіп, басынан кешкен сұмдық жағдайды жайып салды деп хабарлайды Paryz.kz Democrat ақпараттық порталына сілтеме жасап.

«Мұсылман еркектер маза бермеді»: Түсімде Пайғамбарды көрдім деген қыз хиджабын шешті (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

ТикТоктың тікелей эфирінде хиджабын шешіп шыққан Назерке осы күнге дейін мұсылман еркектері тарапынан көрген қорлықтарын жасырмай айтып, жылап қалды.

Тікелей эфирдің көшірмесін алуда техникалық ақаулар болып, алғашқысында тек дыбыстық жазбасы ғана жасалғанын ескертіп өтеміз.

“Хиджабты шешуге мәжбүр болдым. Халал деген жерлерде жұмыс істедім. Мұсылман еркектер “төсектес болайық” деп маза бермеді. Сіздер білмейсіздер, намаз оқып жүрген қаншама оңбаған еркектің барын” деген ол ҰҚК қызметкерлеріне арнайы алғысын білдірді.

“КНБ-нің адамдары жаман дейді. Олай емес. Маған “қазағымның қызы” деп жәрдем берген сол КНБ-ның адамдары. Оларға алғысым шексіз! Олар көмектеспегенде, қазір не боларын кім білсін” деді. Тікелей эфирде отырған 500-ден астам кісінің бір бөлігі “сатқын, дініңді саттың!”, “сенікі хайп болды”, “мұсылман емессің”, “тозақта жанасың”, “оңбған, жезөкшесің”, “дінге күйе жақпа”, “бұған жын кірген”, “кәпір” деп пікір жазса, енді бірілері ботадай боздап отырған қыздың телефон нөмірін сұрап, “демалайық” деген мағынада пікірін қарша боратуда.

“Мен әркімнің тулағындай иленбей, таза өмір сүру үшін, балаларымның жүзі төмен болмауы үшін осы қадамға бардым. Иманым да, дінім де -жүрегімде. Мен намысын таптатпаған қазақтың қызымын. Осыны біліңіздер! Ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді”, деген ол әйел ретінде өзн басқалардың түсінуін өтінді.