Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Головкин жыл соңында Жапонияда жұдырықтасуы мүмкін

"Әрине, "Канело" да желтоқсан айында осы жекпе-жекті көздейді. Алдағы екі аптада не болатынын көрейік", - деді Эдди Хирн.

Головкин жыл соңында Жапонияда жұдырықтасуы мүмкін
фото: cbssports.com

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкиннің WBA Super белбеуінің иегері, жапондық Риота Муратамен бірлескен жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлады paryz.kz, sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Головкиннің Муратамен жекпе-жегі жыл соңында өткізілуі мүмкін. Жапондықтар бұндай жекпе-жектерді әдетте 31 желтоқсанда өткізеді. Мунгиямен жекпе-жек туралы келіссөздер де жүргізілуде, бұл да керемет дуэль. Бірақ, менің ойымша, GGG-Мурато жекпе-жегі желтоқсан айында қарастырылады. Әрине, "Канело" да желтоқсан айында осы жекпе-жекті көздейді. Алдағы екі аптада не болатынын көрейік", - деді Эдди Хирн.

35 жастағы Мурата канадалық Стивен Батлерді (28-3-1, 24 КО) 2019 жылдың 23 желтоқсанында Йокогамында нокаутқа жібергеннен бері рингке шықпаған. Головкинге келетін болсақ, ол өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында АҚШ-та өткізді. Онда Головкин Польшадан келген Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) мерзімінен бұрын жеңді.