Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

БҚО-да бұрынғы полицей әйелін 6 жыл бойы қорлап келген

Күйеуі оқиғаны жариялағаны үшін әйелін сотқа беріп, 1 миллион теңге талап етіп отыр. 

БҚО-да бұрынғы полицей әйелін 6 жыл бойы қорлап келген
фото: дереккөз

Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей әйелін соққыға жығып, артынша оны оқиғаны жариялағаны үшін сотқа берген, деп хабарлады paryz.kz, "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Әсел Алқанова есімді келіншек 6 жыл бойы күйеуі Хайдар Жексеновтен қорлық көріп келгенін басылымға айтып берген. Мұны білген күйеуі оқиғаны жариялағаны үшін әйелін сотқа беріп, 1 миллион теңге талап етіп отыр. 

Бұған қоса, әйелін азаптаған ер адам басылымның үстінен де арыз түсірген. "Уральская неделя" басылымы бұл туралы сот қарсаңында бір-ақ білген. 

Сот ісімен танысқан судья басылымға қатысты шағымды қараусыз қалдырған. Ал Әсел Алқанованың ісі сотта жалғасын табатын болды.