Ел ішінде «Маска таққан адам» деп танылып кеткен жігіт мұқтаждарды қуантуды жалғастырып келеді. Осы жолы ол тағы бір отбасына баспана мен автокөлік сыйлады.
Онда Мұрат есімді адамның өзі және әйелі бірінші топтағы мүгедек екені, екі бала тәрбилеп отырғаны баяндалған. Бұл отбасы осы күнге дейін пәтерді жалға алып тұрып келген.
Фото: Видеодан кадр
«Өзім көлікті жалға алып, такси қызметінде жұмыс істеймін. Әйелімнің көзі нашар көреді», - дейді Мұрат.
Фото: Видеодан кадр
Танымал блогер аталған ерлі-зайыптылардың еміне қаражат беріп, пәтер мен автокөліктің кілтін табыс етті.
«Маскадағы адамның» парақшасында жұртшылық қайырымдылыққа өз үлесін қосуға мүмкіндік алуы үшін тиісті реквизиттер жазылған.