Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Жаным, күнім». Неге қазақ отбасында жылы сөздер аз айтылады?

Қазақ отбасында неге жылы сөз аз айтылады? Психолог Кербез Егінбаева көпшілік қазақстандықтарда неге мұндай түсінік қалыптаспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Жаным, күнім». Неге қазақ отбасында жылы сөздер аз айтылады?
© Photo : Pixabay / Mabel Amber

Отбасы құрған соң некедегі сүйіспеншілікті білдіруде мәдени айырмашылықтар болуы қалыпты жағдай. Әлемде көптеген мәдени ерекшеліктер бар, оның ішіне некедегі сүйіспеншілік пен қамқорлықты білдіру тәсілдері де жатады, -дейді психолог.

Кербез Егінбаеваның пікірінше, елімізде отбасы құрған соң жылы сөз жайында қалады.

Қазақстандық мәдениетте ерлі зайыптылар некеден кейін бір-біріне жылы сөздер айтуды тоқтатады. Себебі, ер мен әйел ретіндегі қарым-қатынас соңғы орынға ысырылып "мама - папа" рөлі алға шығады. Бүкіл әңгіме тек тұрмыстық жағдайға байланысты айтылып, махаббат пен сезімге көңіл бөлінбейді. Біздің қоғамда сезімге көңіл бөліп, оны жылы сөзбен білдіру - маңызсыз саналады, - дейді психолог.

Маман шетелдік отбасылар неге өз сезімдерін еркін жеткізе алатынын былай түсіндірді:

Басқа елдерде ерлі-зайыптылар ұзақ жылдар бірге болғаннан кейін де, өз сезімдерін сөзбен жеткізе алады. Ер мен әйел рөлін сақтап қалады. Бұл құбылыс мәдени негіздер мен әдеттерде терең тамыр алады. Осы тұста мәдени айырмашылықтарға қарамастан, әр адамның эмоцияны білдіруге деген жеке қажеттіліктері бар екенін түсіну маңызды. Неке сапасы ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік пен қолдау деңгейіне байланысты. Мәдени айырмашылықтарға қарамастан, некеде күшті және сау қарым-қатынасты сақтау үшін еңбек ету қажет, -дейді ол.

Психолог отбасындағы ер мен әйел рөлін сақтауға бірнеше кеңес берді.

Біріншіден, ашық сөйлесіп, түсінісіп үйреніңіз. Өз қалауың туралы айту ерлі-зайыптылар арасындағы терең түсінік пен жақындықтың негізі бола алады. Өз сезімдеріңіз бен үміттеріңізді білдіруден қорықпаңыз. Және жұбайыңызды түсінуге асығыңыз.

Екіншіден, отбасылық ритуалдар құрастыру. “Отбасыңыздың барын қалай сезіне аласыз?” Осы сұраққа жауап беру арқылы, дәстүрлер қалыптастырсаңыз болады. Мысалы, ер мен әйел болып екі аптада бір рет бірге серуендеу. Әр жұма сайын отбасымен бірге "пикникке" шығу.

Үшіншіден, сезіміңізді білдіруді үйреніңіз. Егер сіз махаббатты сөзбен айтып жеткізу әдетінен тыс болсаңыз, кішкентайдан бастаңыз күніне кемінде бір рет "Мен сені сүйемін" деп айтыңыз. Бұл сіздің қарым-қатынасыңызды нығайтатын әдетке айналуы мүмкін, - деді Кербез Егінбаева.