Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Нұрлы жер": Қарағанды шенеуніктері пәтерлерді заңсыз таратқан

Жалға берілетін тұрғын үйді мүгедектер, көп балалы отбасылар және жастар алуға тиіс еді. Бірақ баспана өзге адамдарға берілді.

"Нұрлы жер": Қарағанды шенеуніктері пәтерлерді заңсыз таратқан
фото: ашық дереккөз

Қарағандыдағы шенеуніктер "Нұрлы жер"мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтерлерді заңсыз таратқан. Бұл фактіні прокурорлық тексеру анықтады, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жалға берілетін тұрғын үйді мүгедектер, көп балалы отбасылар және жастар алуға тиіс еді. Бірақ баспана өзге адамдарға берілді. Қадағалаушы орган пәтерлерді мемлекеттік қызметкерлердің қайсысы таратқаны туралы ақпарат бермеді. Дәлелдер жинап жатқанын алға тартты.

Бұл ретте 13 заңсыз тұрғын пәтерлерден шығарылды. Тағы 2 мың адамды кезектен алып тастады. Заңсыз жалға алушылардан 30 млн теңге өндіріп алынды.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді заңсыз тарату, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж емес адамдарды есепке қою, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз өзгерту және басқа да жүздеген бұзушылықтар анықталды. Прокурорлардың араласуынан кейін кезекте тұрған 89 адам көптен күткен баспанаға ие болды, 110 адам жалға алушы мәртебесін ресімдеді", - деді Қарағанды облысы прокуратурасының ресми өкілі Нұрсұлтан Қалдырбай.