Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Танымал блогер сот шешімімен некесіз туған баласына алимент төлеуге міндеттелді

Танымал блогер Дархан Жолшыбековтің бұрынғы сүйіктісі некесіз туылған қызына алимент өндіру мақсатында Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінгені белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Танымал блогер сот шешімімен некесіз туған баласына алимент төлеуге міндеттелді
Фото: stan.kz

Айдана Сапарбекова Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына баланың әкесі Дархан Жолшыбековтің танымал блогер бола тұра, басқа да табыстары болса да бар болғаны 20 000 теңге мөлшерінде алимент төлейтінін алға тартып, соттың шешімімен қомақты алимент өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

«Сот анықтағандай, бұрын сот шешімімен Ж.-ның кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты әке болуы белгіленіп, оның тапқан табысының және (өзге) табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Істі қарау барысында баланың әкесі Ж., жалақысы 70 000 теңге көлемін құрайтыны туралы анықтама ұсынған. Осы орайда, банк анықтамаларынан Ж.-ның есепшотында қомақты ақша қаражаттары бар екені, қымбат сатып алулар жасайтыны, туризм және демалыс мақсатында республикадан тыс жерлерге жиі шығатыны анықталды», - делінген хабарламада.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 141-бабына сәйкес ата-аналар арасында кәмелетке толмаған балалар үшін алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда және алимент өндіріп алғанға барабар жағдайларда ата-ананың табысы және (немесе) өзге де табысы мүмкін болмаса, қиын немесе тараптардың бірінің мүдделерін елеулі түрде бұзса, сот ай сайын белгіленген ақшалай сомада немесе бір мезгілде өндіріп алынатын алимент мөлшерін анықтауға құқылы.

Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірісі бар ата-анадан немесе ата-ана жалақыны және (немесе) өзге де кірісті толық немесе ішінара заттай алатын ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.