Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде туризмді қолдауға 164 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбек

Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заң жобасы аясында жаңа ынталандыру шаралары әзірленді.

Елімізде туризмді қолдауға 164 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбек
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда туризмді қолдауға 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлады paryz.kz

Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заң жобасы аясында жаңа ынталандыру шаралары әзірленді.

Тағы оқи отырыңыз: "Велосипедтер қоюымыз керек...": Әбдірахымов Бозжыраға қонақ үй салуды қолдап отыр

"Шаралар пакеті Мәжіліске жіберілді. 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге сомасы алдын ала мақұлданды. Шаралар шеңберінде туроператорларға әр шетелдік туристік және балаларға арналған ішкі рейстерге субсидия беру, инвесторлардың туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу кезінде тау шаңғысы курорттары мен туристік автобустарға жабдықтар сатып алуға кеткен шығындарын өтеу, сондай-ақ туристік бағыттардағы санитарлық-техникалық құрылғыны күтіп-ұстауға субсидия беру қажет", - деді ол, министрліктің алқа отырысында.

Айтуынша, заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымнан өтті. Енді жақын арада Сенатқа жіберілуі тиіс.