Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Алматы қалалық Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы қайырымдылық көмек көрсетті

Алматы қаласының діни бірлестіктері су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы қалалық Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы  қайырымдылық көмек көрсетті
Фото: видеодан скриншот

Осылайша бейресми платформа – Діни бірлестіктер көшбасшылары клубы ерекше ынтымақтастықтың үлгісін жариялады.

«Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы Алматылық клуб алаңында бас қосып, зардап шеккендерге біріге отырып, жан-жақты көмек көрсету туралы бастама көтерді. Клуб мүшелерінің көпшілігі бізді қолдап, аз уақыт ішінде 8 720 000 теңге қаржы жиналды. Бұл оқиғаның басты құндылығы – түрлі діни конфессия өкілдері: мұсылмандар, буддистер, мормондар, кришнаидтер, протестанттар және басқа конфессия өкілдері топтасу мен бірліктің табысты үлгісін көрсетті», – дейді Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов.  

Жиналған қаражатқа зардап шеккен азаматтарға арнап 68 тұрмыстық техника сатып алынды. Көмек жекеленген адамдарға көрсетілді. Ұйымдастырушылар су тасқынынан зардап шеккен жандардың жеке қажеттіліктері мен жалпы қажеттіліктерін ескеруге тырысты.

Көптеген діни бірлестік өздері жекелеген қайырымдылық көмек көрсетіп жатқанын да айта кету керек. Ал Алматы қаласының діни ұйымдарының бірлескен көмегі татулықтың, бірліктің жарқын үлгісі болып отыр.

Бұл акцияның жүзеге асуына бас үйлестіруші есебінде  «Social Development Center» қоғамдық қоры да белсенді қатысты. Ал «Демеу» балалар проблемаларын үйлестіру орталығы» жеке коммерциялық емес мекемесі және Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы сол өңірдегі көмекті үйлестіру жұмысын жүргізіп берді.

Төменде қайырымдылық көмек көрсеткен ұйымдардың тізімі берілген:
1. Алматы қаласының орталық мешіті (ҚМДБ).
2. Иса Мәсіхтің Соңғы қасиетті күндері шіркеуі (Церковь Иисуса Христа Святых Последних Дней).
3. Алматы қаласындағы «Өмір қайнары» Христиан Евангелиялық шіркеуі (Христианская Евангельская Пятидесятническая Церковь «Источник жизни»).
4. «Жаңа өмір» Евангелиялық сенімдегі христиандар шіркеуі (Церковь Христиан Веры Евангельской «Новая жизнь»).
5. Алматыдағы христиандық жаңа апостолдық шіркеу (Христианская Новоапостольская церковь).
6. Евангелиялық христиан баптистерінің Голгоф шіркеуінің орталығы (Центр Церкви «Голгофа» Евангельских Христиан Баптистов).
7. Киелі Апостолдар Петр мен Павелдің Евангелтялық-лютерандық шіркеуі (Евангелическо-Лютеранская Церковь Святых Апостолов Петра и Павла).
8. «Агапе» евангелиялық христиан шіркеуі.
9. Алматы қаласының Кришна санасы қоғамы.
10. «Алмагүл» пресвитериандық шіркеуі.
11. «Вон-Буддистер» Алматы шіркеуі.
12. «Сун Бок Ым» Алматы евангелиялық христиан шіркеуі.
13. «Құдай сөзі» тұтас Евангелия христиан шіркеуі (Христианская Церковь Полного Евангелия «Слово Божие»).
14. Алматы қаласындағыдағы Жетінші күн адвентистік христиандардың жергілікті шіркеуі (Поместная церковь христиан адвентистов седьмого дня).
15. «Social Development Center» ҚҚ.