Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Елордада іздеуде жүрген қауіпті қылмыскер ұсталды (ВИДЕО)

Қолға түскен азамат Мәскеуде болған кезінде ішімдік ішіп отырып, РФ азаматын өлтіріп, кейін қашып кеткені анықталды...

Елордада іздеуде жүрген қауіпті қылмыскер ұсталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Елордалық полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлады paryz.kz.

Нұр-Сұлтан полицейлері жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Ресей Федерациясы аумағында адам өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

"Қолға түскен азамат Мәскеуде болған кезінде ішімдік ішіп отырып, РФ азаматын өлтіріп, кейін қашып кеткені анықталды. 2020 жылы күдікті анықталып, мемлекетаралық іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр", - деді елорданың Полиция департаменті.

Айта кетейік, 15-19 ақпан аралығында елорда аумағында қылмыстық жағдайдағы көші-қонды төмендету мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде.

"Қала аумағында заңсыз мигранттар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмей, көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау мақсатында жүйелі түрде тексеру жүргізілуде. Үш күн ішінде полиция қызметкерлері шетел азаматтарының елде болу ережесін бұзған 174 фактісін анықтаған. Сондай-ақ, іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының 8 азаматы ұсталды", - деп толықтырды департамент.