Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ермұрат Бәпи: Әділеттік бір мәмілемен ғана шешілесе салмайды

Белгілі журналист, қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Мүмкін емес/Не может быть!» Youtube арнасының студиясында су тасқынынан зардап шеккендерге Форбсқа кіретін қалталы кәсіпкерлердің беріп жатқан көмегі туралы айтты. 

Ермұрат Бәпи: Әділеттік бір мәмілемен ғана шешілесе салмайды
Фото: Qaz365.kz

«Солардың қатарында Тимур Құлыбаев та бар. Ол 30 миллиард аударды. Алайда, бұл жаңалықтың артынша оған тиесілі Халық банкінің акционерлеріне 100 миллиардтан астам қаражат беретіні белгілі болды. Бұл Тимур Құлыбавтың тек бір бизнесінен түсетін қаражаты. Әйелі Динара Құлыбаева екеуі су астында қалған он облыстың тең жартысын жапса да болар еді ғой. Тимур мен Динарының бұл әрекеттерінен оларды Қазақстан халқынан ақшасын аяған сараң деп айта аламыз ба?», - деген жүргізуші сұрағына жауап берді.

«Қазақстан Халық банкінің дивиденті, бұл Қазақстан халқының ақшасы емес деп есептеледі. Бұл банк ақшасы, банк акционерлерінің ақшасы дейік. Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева дейміз ғой, бірақ осы екеуінің үлесінің ішінде басқа да бізге көзге көрінбейтін тұлғалар бар. Назарбаевтың өзінің мүддесі бар. Одан кейін, Асқар Құлыбаев бар - Тимурдың әкесі. Ол қоғамда көрінбейді, ол шықпайды, ол былайша айтқанда, азаматтық салауатты позиция ұстанған адам, бірақ дегенмен, оның Тимурға әсері бар ғой. Тимур тәрбие көрген, тәлім көрген, әкесінің өнегесін көрген адам ретінде әкесінің айтқан сөзінен асып кете алмайды. Сол сияқты басқа да акционерлер бар, кезінде миллионын салған, Халық банкінің акцияларын бөліп алған адамдар бар ғой. Бірақ, бұл таным дүниесінен туады ғой. Мен Тимур Құлыбаев болсам, Жаңа Қазақстанды ұрлап жататын болсам, мені қазып жатса, шетелдегі шоттарымнан ақшаларды іздеп жатса, архивтерімді іздеп жатса, мен мына жақтан ақша алып алып, халыққа қиянат жасап, осы биліктің айтқанына көніп жату мүмкін емес қой. Адами тұрғыда. Әрине, қазір мына активтерді қайтаруда қоғам түсінбейтін үлкен момент бар – «добровольный», өз еркімен қайтару деген мәселе жүріп жатыр қазір. Осында көптеген активтерді қайтару комиссиясының негізгі саясаты активтерді өз еркімен қайтару, осындай саясаттың кезеңі жүріп жатыр. Осы біткен кезде - ары кетсе бір екі жыл. Ол бітіп, қайтарған қайтарады, қайтармағандарды күштеу тұрғыда мәжбүрлейді деп ойлаймын. Ол міндетті түрде болу керек. Өйткені, әділеттік орнату мәмілемен ғана шешілесе салатын дүние емес ғой. Ол ұрланған ақша болса, екінші этапында, күштеуге, заңға тартылуға, қаржылық қылмыстық істер қозғауға дейін баратын этап басталады деп ойлаймын», - деді депутат.