Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Бишімбаевты құл ғып байлап қою керек»: Тарихшы әйелін ұрып өлтіргендерді қалай жазалау керегін айтты

Тарихшы Жамбыл Артықбаев Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында қазақ тарихында әйелін ұрып өлтірген еркектерді қалай жазалағанын айтты.

«Бишімбаевты құл ғып байлап қою керек»: Тарихшы әйелін ұрып өлтіргендерді қалай жазалау керегін айтты
Фото: Screenshot

«Тарихта Бишімбаев ісіне ұқсас оқиғалар болған. Ұлбике деген атақты ақын қызды өзінің күйеуі қызғанып, ұрып өлтірген. Туысқандары оған үш адамның құнын төлеттірген. Соның ішінде өнер құны бар. Себебі, Ұлбике айтыскер, ақын қыз болған. Содан кейін, күйеуін Ұлбикенің туған жұртының босағасына құл ғып байлап қойған, өлтірмеген. Міне, осы сияқты жазаны Бишімбаевқа қолдану керек», - деді Жамбыл Артықбаев.