Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарағанды облысында тұғырдан Ту жұлынып, орақ пен балға қайта қойылған

Қазір ескерткіштің орны бос тұр. Себебі, жергілікті атқамінерлердің айтуынша, ту тұғырына мемлекеттік рәміздерді қолдану ережесіне сай орнатылмаған...

Қарағанды облысында тұғырдан Ту жұлынып, орақ пен балға қайта қойылған

Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Ақбастау ауылында Кеңес дәуірінен қалған орақ пен балға ескерткішінің орнына мемлекеттік туды орнату мәселесі оңайға соқпады, деп хабарлады Dalainform, өңірдегі дереккөзге сүйеніп.

Оқиғаға қысқаша тоқталар болсақ, тұрғындар 35 жылдан астам уақыт елді мекеннің шетінде тұрған ескі "мұраны" ысырып тастап, орнына Қазақстанның қазіргі көк байрағын қоюға бел буған. Алайда келесі күннің түнінде оны ұнатпаған басқа азаматтар өз күшімен коммунизм елесін қайтарған.

Бұл текетірес бірнеше түнге жалғасқан. Қазір ескерткіштің орны бос тұр. Себебі, жергілікті атқамінерлердің айтуынша, ту тұғырына мемлекеттік рәміздерді қолдану ережесіне сай орнатылмаған. Осы орайда, олар, тұрғындардың арасында кикілжіңнің жоқтығына сендіреді. Ал орақ пен балғаның мәдени нысан ретінде құндылығы жойылған, тек біреулерге көненің көзіндей ыстық көрінсе керек.

Аудандың ішкі саясат бөлімі өкілдерінің бұқара халықпен кездесуі нәтижесінде мүлде басқа нұсқа таңдалып, "Мен Ақбастауды жақсы көремін" жазуы қойылуы мүмкін.

"Полиция басқармасына кінәлі азаматтарды анықтауға қатысты арыз түсті. Тұрғындармен жүздесуде жаңа ескерткіш белгісінің тақырыбы талқыға салынғанымен, әлі түпкілікті шешім қабылданбады", - деді ішкі саясат бөлімінен.