Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Мемлекеттік қызметшілердің бизнеске заңсыз араласуы - ауыр қылмыс" - Тоқаев

Президент мұны құр даңғаза сөз емес, нақты іске шақыру деп санайды. 

"Мемлекеттік қызметшілердің бизнеске заңсыз араласуы - ауыр қылмыс" - Тоқаев
фото: дереккөз

Мемлекет басшысы азаматтар мен кәсіпкерлердің құқығын мүлтіксіз қорғауды бірінші міндет ретінде атады. Өткен 10 жыл ішінде мемлекеттің бизнесті қолдау жөнінде жүргізген жұмыстарының арқасында кәсіпкерлерді тексеру 3 есеге азайған, деп хабарлады paryz.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президенттің айтуынша, енгізген мораторий өз тиімділігін көрсеткен. Нәтижесінде шағын бизнестің субъектілерін тексеру былтырдың өзінде 5 есеге қысқарды. Алайда заңсыз тексерулер әлі де жалғасып жатыр. 

"Соңғы 3 ай ішінде бизнесті қолдау жөніндегі мобильді топқа осындай деректер бойынша кәсіпкерлерден 500-ден астам шағым түскен. Бақылаушы органдардың болмашы себептің соңын нағыз репрессияға айналдырып жіберетін жағдайлары жиі кездеседі. Құжаттар тартып алынады. Ал оны кәсіпкерлер айлап қайтарып ала алмай жүреді. Жұмыс істеудің орнына бүкіл қызметкер тергеуде болады. Мұндай келеңсіздіктерге жол беруге болмайды. Прокурорлар кәсіпкерлер мен барлық құқық қорғау органдарының арасындағы қатынастарда заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге міндетті", - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің бизнеске заңсыз араласып, оның жұмысына кедергі келтіруі ауыр қылмыс ретінде қарастырылуы тиіс екенін тағы бір мәрте елдің есіне салды.

Президент мұны құр даңғаза сөз емес, нақты іске шақыру деп санайды. Прокуратура органдары осыны есте ұстауы керек. Оның үстіне бұл мәселе заңнамалық тұрғыдан рәсімделеді. Бұл экономикалық өсімнің қарқыны төмендеген кезде өте өзекті мәселеге айналып отыр.