Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Австралиялық азамат екі-ақ айда қазақша үйреніп алған (ВИДЕО)

Видеода Иуан Смит қазақ тілін өзіне тіл үйрену ұнайтындықтан және Қазақстанға қыдырып келу мақсатында оқып жатқанын айтқан.

Австралиялық азамат екі-ақ айда қазақша үйреніп алған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Саясаттанушы Расул Жұмалы Facebook-тегі парақшасына қазақша еркін сөйлей алатын шетел азаматының видеосын жариялады. Айтуынша, Иуан Смит есімді австралиялық жігітке екі айда қазақ тілін үйретіп шыққан өзінің ұлы Әли екен, деп хабарлады paryz.kz

Расул Жұмалы Иуан Смиттің қазақ тілі сабағын онлайн оқығанын айтады. Ол небәрі екі айдың ішінде тілді жоғары деңгейде меңгерген азаматқа қол соқты. Алайда саясаттанушы қынжылысын да жасырмады.

"Мынау - Иуан Смит деген Австралияның жігіті. Ұлым Әли оған қазақ тілін интернет арқылы үйретіп, екі-ақ айдың ішінде кәдімгідей деңгейге көтерілді. Бәрекелді! Бірақ осыған қарап, өмір-бақи Қазақстанда тұрып қазақша қақпайтындар қатты қынжылтады" деп жазды Расул Жұмалы.

Видеода Иуан Смит қазақ тілін өзіне тіл үйрену ұнайтындықтан және Қазақстанға қыдырып келу мақсатында оқып жатқанын айтқан. Оның ойынша, бір мемлекетте тұрсаң, сол елдің тілін білуге тырысу керек.

"Егер бір адам шет тілінде сөйлей алмаса, ол проблема емес. Бірақ адам шетелде тұрса, сол елдің тілін үйренуге тырысуы керек", - дейді ол.

Қазақша сөйлеген шетел азаматына сүйсінген желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.

"Қандай тамаша! Үйренген ұнайды депті. Тілді жақсы көрген адам үйренеді, демек. Балаңыз шебер оқытушы екен", "Бәрі ниетке байланысты" деп жазды олар.