Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

2021 жылы мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көбейеді

Алдағы үш жылда Қазақстанда мұғалімдердің жалақысын көбейтуге 1,2 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлімдеді.

2021 жылы мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көбейеді
сурет baribar.kz сайтынан алынды

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым» , - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ұстаздардың жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретін болады. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда бюджеттен  1,2 трлн теңге бөлу жоспарланған.