Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Павлодарда ағасынан таяқ жеген тұрғын оны сотқа берді

Сотта ағасы кінәсін толық мойындап, өкінген.

Павлодарда ағасынан таяқ жеген тұрғын оны сотқа берді
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының Май ауданы аумағындағы ауыл тұрғыны ағасынан таяқ жегеннен кейін оны сотқа берді, деп хабарлады paryz.kz

Әкімшілік іс денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ағайындылар бірге тұрады. Осы жылдың 21 қаңтарында ұрсысып қалған. Ер адамдардың бірі екіншісіне боғауыз сөз айтып, содан кейін ұрған. Жәбірленуші полиция шақырып, фактіні тіркеді.Сотта ағасы кінәсін толық мойындап, өкінген.

"Жанжалды бейбіт жолмен шешу үшін татуластырушы судья екі бауырмен сөйлесті. Содан кейін жәбірленуші ағасын кешіріп, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Тараптар сотқа медиация тәртібімен татуласқанын жариялады", - деп хабарлады Май аудандық сотының баспасөз қызметі.