Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Өтірікші, алаяқтар»: мешіт құрылысын бастаған Фариза Төреәліге ауыл тұрғындары қарсы шықты

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі осыған дейін әлеуметтік парақшасында мешіт құрылысының басталып жатқанын айтқан еді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Өтірікші, алаяқтар»: мешіт құрылысын бастаған Фариза Төреәліге ауыл тұрғындары қарсы шықты
фото: әлеуметтік желіден

Ауыл тұрғындары бұл бастамаға қатысты наразылықтарын білдірген.

«Раббымыз бізге мешіт салғызып жатыр. Үлкен арман. Үлкен мақсат. Үлкен жоба. Ертеңгі тарих. Осы мақсат жұмыс істеуге үлкен шабыт пен жігер берді.  Бұрын біз "бір күні қайырымдылыққа мешіт, медресе салатындай табыс деңгейіне жетсек" деп армандайтын едік. Алда медресе, кітапхана, мектеп және тағы да мешіт салуға ниетіміз бар»,- деп жазған еді блогер үш күн бұрын. 

Ал кеше әншінің қарындасы ауыл адамдары бұл бастамаға қарсы екендерін жеткізген. Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жылап айтып берді.

"Мешіт салып жатқан сендер кімсіңдер?" дейді. Бізді өтірікші, алаяқсыңдар деп қаралады. Бұл біздің үлкен арманымыз. Зауыт емес, осы мешіт саламыз деп ниеттендік. Бізге бұдан ешқандай пайда келмейді. Көп еңбек еттік »,- деді блогер.

 

Ол бұл жағдайды ушықтырмай, қажет болса, басқа ауылға мешіт салатынын айтады. Оның оқырмандары осындай ой тастаған.