Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Әулие Валентин күні - біздің халықтың менталитетіне қайшы" - Тоқаев

"Бұл күн туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы 4 жыл бұрын жазған болатын", - деді Берік Уәли.

"Әулие Валентин күні - біздің халықтың менталитетіне қайшы" - Тоқаев
фото: коллаж

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2017 жылы өзінің Twitter парақшасында "Әулие Валентин күніне" деген көзқарасын білдірген жазбасын жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

"Бұл күн туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы 4 жыл бұрын жазған болатын», - деді Берік Уәли.

Ал одан кейін Тоқаев Сенат төрағасы қызметін атқарды.

"Әулие Валентин күні батыстан келді. Бұл біздің халықтың менталитеті мен дәстүрлеріне қайшы келеді. Мұны жастар түсінуі керек" деп жазған ол 2017 жылдың 14 ақпанында.

Қазір еліміздегі бірді-екілі өзге ұлт өкілдері болмаса, бұл "мерекені" бұрынғыдай жаппай атап өтіп жатқан қазақты көрмедік. Соған қарағанда, оның орнына қазақ жастарының махаббат символына айналған Қозы-Көрпеш – Баян сұлу күнін тойлату дәстүрге айнала бастаған сыңайлы.