Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Блогер Фариза Төреәлі жолдасымен мешіт құрылысын бастады (ВИДЕО)

Танымал блогер, бірнеше курс авторы Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен бірге айт кезінде мешіт құрылысын бастады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідеге парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Блогер Фариза Төреәлі жолдасымен мешіт құрылысын бастады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

"Раббымыз бізге мешіт салғызып жатыр! +1 арман. Бұл түсіміз бе әлде өңіміз бе?!..Үлкен арман. Үлкен мақсат. Үлкен жоба. Ертеңгі тарих. Осы мақсат жұмыс жасауға үлкен шабыт пен жігер берді. Ақиқатында әрбір ризық Алладан болған соң Оның жолында сол ризықты жұмсай алу бір бақыт. Пайғамбарымыз (с.а.с) үмметі, еліміз үшін қызмет ету, дамуына үлес қосу – біздегі миссия",- деп жазды ол. 

Оның айтуынша, бұл туралы олар бұрыннан армандаған, ниет еткен. Сонымен қатар, болашақта тағы бірқатар нысан салу жоспарларында бар екенін жеткізді.

"Бұрыннан екеуміз отырып алып "қайырымдылыққа бір күні мешіт, медресе салатындай табыс деңгейіне жетсек ия" деп қиялдайтынбыз. Раббымыз жүректердегі ниетті Білуші, осы күнді нәсіп қылып жатыр. Алда медресе, кітапхана, мектеп және тағы да мешіттер салуға ниетіміз бар.
Құрбан айтқа дейін аяқтағымыз келеді, иншаАлла. Ашылуына барлық оқырманды шақырамыз. Бізбен бірге болыңыздар!", - деді ол.