Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыда ерлермен теңдікті көздеген әйелдер шеруге шықпақ

Заң бойынша шеру мен митинг өткізуге рұқсат етілген орындар санаулы. Сондықтан олар шерудің жүріп өтетін көшелерін нақты атаған...

Алматыда ерлермен теңдікті көздеген әйелдер шеруге шықпақ
фото: vlast.kz

Алматы қаласының әкімдігі 8 наурызда феминист әйелдердің шеру өткізуіне келісім берді, деп хабарлады paryz.kz.

Митинг пен шеру өткізуге Feminita, "КазФем", "Фемсреда", ОФ "SVET" және "FemAgora" ұйымдары белсеніп отыр. Бейбіт шеру туралы заң бойынша шеру мен митинг өткізуге рұқсат етілген орындар санаулы. Сондықтан олар шерудің жүріп өтетін көшелерін нақты атаған.

Сонымен, белсенді әйелдер Ганди паркінен бастап Шевченко көшесімен жүріп өтпек. Ал митингті Уәлиханов скверінде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Феминист ханымдардың ойынша, бұл – кемсіту мен теңсіздікті болдырмауға үлес қосатын, әйелдердің ынтымағын көрсететін тарихи күн болмақ.