Елде төтенше жағдай болғанда халықты біріктіретін әннің бірі Ибраһим Ескендір орындайтын "Біз біргеміз" болып тұр. Желідегі видеоларға да осы ән фон ретінде қойылып жүреді. Алайда соңғы уақытта халықтың бұл әннен мезі болғанын байқап жүрміз.
Қазіргі кезде Құлсарыдағы су тасқынынан зардап шеккен жергілікті халыққа көмектесіп жүрген айтыскер ақын Сырым Әуезхан осы әннің сөзін жазған. Ол әнге байланысты халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда деп басталатын әннің авторы мен едім. Құлсарыға келгелі ең көп естігенім – осы әнді құрту керек деген сөз. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер деген ұсыныс бар. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін ән жазсам ба деген ниет бар. Сондай әншілер болса хабарласыңыздар", - деді ол.
Бұған қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.