Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Мойнында арқанның ізі болды»: сотта Нүкенованың көмекшісі сұралып жатыр

Бүгін Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасты. Бүгінгі отырыста Нүкенованың көмекшісінен жауап алынып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Мойнында арқанның ізі болды»: сотта Нүкенованың көмекшісі сұралып жатыр
Фото: видеодан скриншот

Сот отырысында Нүкенованың 3 жыл бойы көмекшісі болған Анар Тасова Салтанаттың күйеуімен қарым-қатынасына қатысты көрген-білгенін айтты.   

«5 шілде күні таңертең сағат 8-де оянып, Салтанаттан келген қоңырауларды көрдім. Ол «мені алып кетші» деп жазыпты. Біз кездесіп, мен оған Coffee boom-ға барып тамақтанайық дегенімде, ол бас тартты: «Оның жанында Rixos қонақ үйі бар, Қуандық менің жүріп-тұрғанымды геолокациямен қарап отырады, бара алмаймын» деді. Мен таңқалдым. Сосын екеуміз басқа жерге барып тамақтандық. Салтанаттың көңіл күйі жоқ еді. Мойнында қолдың, арқанның іздері болды. Денесінің сол жағы түгел көгерген. Оның денесіндегі соққының іздерін көріп, менің де көңіл күйім түсіп кетті. Бірнеше рет әжетханаға барып жылап алдым.

Ол әңгіме барысында «Қуандық - тиран, 24/7 қасымда, құрбыларыммен, әпкелеріммен араласуға тыйым салады. Үнемі соның қадағалауындамын, маған жұмыс істеуге рұқсат бермейді» деді. Оның жұмысын қалай жақсы көретінін білгендіктен, маған да бұны есту ауыр болды», - деді Анар Тасова.

Нүкенованың көмекшісінің айтуынша, Салтанат сол кезде Павлодардағы өз үйіне кеткісі келген. Алайда, Қуандықтың анасы оның чемоданын бермей қойған.

«Салтанаттың бұл әңгімелерін естіген соң мен оған «үйіңізге барыңыз, сізді әуежайға апарып тастайын» дедім. Ол Павлодарға қатты барғысы келетінін айтты. Бірақ, Қуандықтың бір күнге Алматыға кеткенін,ал анасының оған күйеуінің келгенін күт деп, чемоданын бермегенін айтты. Сондықтан, менімен кездесуге ешқандай затын алмай, өзі ғана шыққан. Сосын оған Қуандық қоңырау шалды да, Салтанат лезде жиналып, кетіп қалды», - деді куәгер.