Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Тамақ сұрағаны үшін буындырып өлтірген»: Теміртаудағы аналарының қолынан көз жұмған екі балаға қатысты дерек шықты

Жантүршігерлік оқиға Теміртау қаласынан 15 минуттық жерде орналасқан Гагаринское елді мекенінде болған. Екі және төрт жастағы қос бүлдіршін өз анасының қолынан қаза тапты, деп жазады Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Тамақ сұрағаны үшін буындырып өлтірген»: Теміртаудағы аналарының қолынан көз жұмған екі балаға қатысты дерек шықты
фото:pixabay.com

4 сәуір күні түскі уақытта 2 жастағы Мия мен 4 жастағы Карина ашығып, анасынын тамақ сұрай берген соң әйел екі қызын буындырып өлтірген. Ал 6 айлық қызына тиіспеген. Сөйтіп кешке дейін өзімен бірге тұратын азаматының келгенін күткен. Ер адам келгенде әйел кереуетте жатқан балалардың мәйіттерін нұсқап, қыздардың еш себепсіз көз жұмғанын айтқан. Әйелдің айтқанына сенген азамат полиция қызметкерлерін шақырған.

Күдікті көршілерге өзін Вероника (Вера) деп таныстырған. Бірақ әйелдің шын есімі Ирина болып шықты. 

Ол полицияны алдап, балалардың белгісіз заттан уланғанын айтқан. Әйелдің мәлімдемесінен кейін полиция ас бөлмені тексермек болады. Алайда олар ас үйден тіске басар ештеңе таппаған. 

“Мен картоп бермек болдым. Олардың аш екенін білгенде бүкіл ауыл болып көмектесер едік. Ол полицияға қыздардың бөлмесіне кіргенде балалардың ұйықтап жатқанын көріп, шығып кеткенін айтқан. Ол өтірік айтыпты. Мен де қыздардың бір нәрсе жеп, уланып қалған екен деп ойладым”, – дейді көршісі Александр. 

Оқиғаның мән-жайы анықталған соң полиция манекен әкеліп, әйел қыздарын қалай өлтіргенін көрсетті. Өз анасының қолынан қаза тапқан екі қыздың сыртқа шыққанын ешкім көрмеген. Анасы оларды серуендеуге жібермеген.

“Күдіктімен бірге тұратын азамат қыздардың қазасы туралы білгенде жылап жіберді. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатқан үздіксіз шылым шекті”, – дейді Александр.

Қарағанды облысы полиция басқармасы жантүршігерлік оқиғаға байланысты пікір білдірді.

“Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қыздарын өлтірді күдікпен олардың анасы ұсталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Іс Қарағанды ​​облысының полиция департаменті бастығының бақылауында”, – делінген хабарламада.