Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Мені жайыма қалдырыңдар, әйтпесе президентке хат жазамын" - трансгендер (ВИДЕО)

"Сіздердің сөздеріңіз, қорқытуларыңыз керек емес. Керек болса, ЛГБТ-ның адамдарына айтып соттатып жіберемін..." - дейді ол.

"Мені жайыма қалдырыңдар, әйтпесе президентке хат жазамын" - трансгендер (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Айя есімді трансгендер өзін қорқытқандарға жауап берді. Өзінің ер-азамат қалпына қайта оралмайтынын айтқан ол президенттен көмек сұрауға дайын, деп хабарлады paryz.kz

Ол - Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы. Бала күнінде зорлыққа түскен жігіт көкірегін өсіріп, қызға айналған. Тек жынысын өзгертпеген. Бұған өзіне жасалған зорлық себеп болғанын айтты. 

Бағдарламаға шыққан қызтеке өмірбаянын айтып, өзін айыптағандар, қорқытып-үркітетіндер пайда болғанын жеткізді.

"Мені көріп отырғандарға, сыныптастарым, нағашыларым, туыстарым, басқа да адамдарға айтарым, мені қорқытудың керегі жоқ. Мен қалай өмір сүргім келеді, солай өмір сүремін. Сіздердің сөздеріңіз, қорқытуларыңыз керек емес. Керек болса, ЛГБТ-ның адамдарына айтып, соттатып жіберемін. Мені жайыма қалдырыңдар. Хат жазып, хабарласып жатқандар, үйге келіп ұрып кететіндер, өз жөндеріңмен кетіңдер. Нағашыларымның шашымды қырқып, ұрып кеткені жетеді. Зорлап кеткені жетеді", - деді ол.

Айя тағы да араша сұрап, экранға шығуға, президентке хат жазуға дайын екен. 

"Мен тағы да теледидарға шығамын. Тағы да президентке хат жазамын. Мен бұлайша жай қалдыра салмаймын. Менен аулақ жүріңдер. Маған қиын кезде ешкім көмектескен жоқ. Мен қиналғанда қайда болды бәрі?" - деді трансгендер. 

Тағы оқи отырыңыз: Нағашылары 15 жасында зорлаған шымкенттік ұл трансгендер болып кеткен (ВИДЕО)

Айта кетейік, бұған дейін көпшілік алдына шыққан қызтеке жігіт өзінің өмірлік көзқарасы өзгеріп, қызға айналғанын мойындаған болатын. Бұған бала күнінде көрген зорлығы себеп болған көрінеді. Алайда қазіргі "қыз өмірі" өзіне ұнайтын көрінеді.