Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматы облысында балалар үйінің қызметкерлері сотталатын болды

Департамент осы іс аясында КММ-ның лауазымды адамдарына қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

Алматы облысында балалар үйінің қызметкерлері сотталатын болды
фото: ашық дереккөз

Алматы облыстық №1 балалар үйінің қызметкерлеріне немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады paryz.kz.

"Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаменті коммунальдық мемлекеттік мекемесінің (КММ) қызметкерлеріне қатысты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде (ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы)", - деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент осы іс аясында КММ-ның лауазымды адамдарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы, 1-бөлігімен немқұрайлылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

"Сотқа дейінгі тергеу барысы туралы басқа ақпараттар жария етуге жатпайды", - делінген баспасөз хабарламасында.