Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Салтанат көңілдесі болған». Бишімбаев ісінде аты аталған кәсіпкердің әйелі мәлімдеме жасады

Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

«Салтанат көңілдесі болған». Бишімбаев ісінде аты аталған кәсіпкердің әйелі мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова белгілі кәсіпкердің көңілдесі болғанын мәлімдеген болатын. Ол кәсіпкер нақты кім екенін айтпаса да есімі Райымбек екенін атап өткен болатын.

Көптеген дереккөздер бұл кәсіпкер Райымбек Баталов екенін жазған болатын. Артынша Желі қолданушылары Баталовтың әйелі Ленара Баталованың парақшасына шабуыл жасап, күйеуі туралы пікір жаза бастаған болатын. 

Бүгін Ленара Баталова сот отырысына қатысты пікір білдірді. 

"Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым "жарылайын" деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз атышулы істі емес, "Пусть говорят" шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз", - дейді Ленара Баталова.