Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Талғар ауданының бұрынғы әкімін ұстау операциясы жарияланды (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев пара алу дерегімен қамауға алынған болатын...

Талғар ауданының бұрынғы әкімін ұстау операциясы жарияланды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Талғар ауданының бұрынғы әкімі мен әкімдік қызметкерлері бірнеше мәрте пара алды деген күдікке ілінді. Алматы облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеуніктерді ұстау сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Қазір Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев пен өзге лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды.

"Қылмыстық кодекстің 366-бабына ("Пара алу") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Талғар ауданының бұрынғы әкімі мен әкімдік қызметкерлері бірнеше мәрте пара алды деген күдікке ілінді. Олар алдын ала сөз байласу бойынша ақша жымқырған. Пара беріп, пара алғаны үшін облыстық ақпараттық технологиялар ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі де күдікке ілініп отыр", - деді Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Диас Нүсіп.

Еске сала кетсек, Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев пара алу дерегімен қамауға алынған болатын.