Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қарағандыда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленуші ретінде 180-нен астам адам анықталды.

Қарағандыда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агентігінің қызметкерлері Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құру фактісін анықтап, оның жолын кесті, деп хабарлады paryz.kz

"Ақпанда Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық пирамида қызметінің жолын кесті. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18% және өзге валютамен 6% мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын тартқан", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленуші ретінде 180-нен астам адам анықталды.