Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Бізде жем-шөптен басқа ештеңе жоқ!": сенатор қымбатшылыққа күйіп-пісті

"Соңғы уақытта құс өнімдерінің бағасы тұрақты түрде өсіп келеді. Оның тағы бір себебі, құс етінің негізгі бөлігі Ресей мен Беларус елінен әкелінеді", - дейді ол.

"Бізде жем-шөптен басқа ештеңе жоқ!": сенатор қымбатшылыққа күйіп-пісті
фото: ашық дереккөз

Соңғы кездері жұмыртқа мен құс еті жиі қымбаттап жатыр. Оның негізгі себептерінің бірі жем-шөптің қымбаттауынан болып отыр. Бұл туралы Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов айтты, деп хабарлады paryz.kz, BAQ.kz-ке сілтеме жасап. 

Сенатор бұл мәселені шешу үшін Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады.

"Кейінгі кезеңде көптеген жем-шөп 1,5-2 есе қымбаттады. Сонымен қатар Қазақстан шетелден асыл тұқымды құстарды, үнемі қымбаттап бара жатқан дәрумендік қоспалар мен басқа да керек-жарақты сатып алуға мәжбүр. Соңғы уақытта құс өнімдерінің бағасы тұрақты түрде өсіп келеді. Оның тағы бір себебі, құс етінің негізгі бөлігі Ресей мен Беларус елінен әкелінеді", - дейді депутат.

Оның айтуынша, Қазақстанда құс тұқымдары да жоқ. Оларды шетелден алдыруға мәжбүр болып отыр.

"Тиісті құрал-жабдықтар мен қажетті дәрумендер де өзге елден келеді. Бізде жем-шөптен басқа ештеңе жоқ деуге де болады. Бағаның өсуіне әкелетін мәселелерді шешу үшін құс өсірушілерге мемлекет тарапынан қолдау қажет", - дейді Сұлтан Дүйсембинов.

Тағы оқи отырыңыз: "Қазақстанды кедейшілік жайлап барады..." - Досым Сәтпаев

Ол кейбір отандық құс фабрикалары қазір жабылу алдында тұрғанын атап өтті. Сенатор осыған байланысты сала кәсіпкерлері үшін Үкімет лайықты жағдай жасауы тиіс деп санайды.

"5 жылға несие каникулын ұйымдастыруға жәрдемдесу, сақтандыру сыйақылары жарнасын субсидиялау және асыл тұқымды құсты сатып алу, жем-шөп қорын құру, әкімшілік тосқауылдарды жою және жосықсыз бәсекелестіктен қорғау бар", - деді депутат.