Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Депутат Дементьева мектепте мемлекеттік тілді дұрыс оқытуды ескертті

Оның айтуынша, елімізде қазақ тіліне қатысты қанша шара өткізілсе де, тілдің ахуалы көңіл көншітпейді.

Депутат Дементьева мектепте мемлекеттік тілді дұрыс оқытуды ескертті
фото: ашық дереккөз

Мектептерде мемлекеттік тілді оқыту деңгейі төмен. Оқулықтың сапасы да сын көтермейді. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Наталья Дементьева Білім және ғылым министріне депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, елімізде қазақ тіліне қатысты қанша шара өткізілсе де, тілдің ахуалы көңіл көншітпейді. Балаларға арналған оқу құралдарындағы жаттығулар да тым күрделі.

Осылайша министрлікке шүйліккен Ассамблеядан сайланған депутаттар өз ұсыныстарын жолдады. Олардың пікірінше, мектепте ауызша орындалатын тапсырмаларды арттыру қажет.

"Түптің түбінде қазақ тілінің қазақстандықтардың ортақ тіліне, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыты келеді. Қазірше оны қолдан жылдамдатудың, осы мәселені оңайлатудың қажеті жоқ. Бірақ сол мақсатқа бастайтын қадамдарды осы бастан қолға алу қажет", - деді Наталья Дементьева.