Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Тамаққа талас, бауырсаққа талас. Олай Наурызды тойламай-ақ қояйық» - блогер Ырысбала Икрамбай

Блогер Ырысбала Икрамбай Наурыз мейрамында тамаққа таласатындар туралы айтып ашынды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп жазады Paryz.kz. 

«Тамаққа талас, бауырсаққа талас. Олай Наурызды тойламай-ақ қояйық» - блогер Ырысбала Икрамбай
фото: әлеуметтік желіден

"Айналайын Шымкент, сендер Наурыз тойламай-ақ қойыңдаршы. Қатындарың бар еді, ипподромнан шыққан кезде, "Қане, тамақ, ешкім жоқ қой мына жерде" деген. Тамаққа талас, бауырсаққа талас. Ойбу, масқара олай Наурызды тойламай-ақ қояйық. Үйімізде жеп, ішіп, тыш*п жата берейікші. Наурызбен өркендемей-ақ қояйық, Наурызбен дамымай-ақ қояйық", - деді блогер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін блогер Ырысбала Икрамбайдың Алматыдағы зілзала кезінде дүрліккен халықты сынағанын жазған едік.