Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Иманғали Тасмағамбетов қызметтік ұшағын берді»: Айгүл Елшібаева 16 жыл бұрынғы оқиғаны еске алды

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева осыдан 16 жыл бұрын Франция барған сәтін есіне алды. Еуропада демеуші болған ағалардың арқасында қазақ айтысы өткен, деп жазады Paryz.kz sadaqmedia ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Иманғали Тасмағамбетов қызметтік ұшағын берді»: Айгүл Елшібаева 16 жыл бұрынғы оқиғаны еске алды
Коллаж: sadaqmedia.kz

"2008 жыл. Ақындар айтысы. Айтыстың жанашыр қарагері, айтысты өрге сүйреп шайтанның да тілін тапқан менеджері Жүрсін Ерманов ағамыз, ақын, әнші, жыршысын қосып, Парижде ақындар айтысын жасаған кез. Түркия, Голландия, Австрия, Англиядағы қазақтар айтысты көруге арнайы келді. Францияны бір шулатқан кезіміз. Сол кездегі мецанттар Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсенов демеуші болып, қаражатын көтеріп, Иманғали Тасмағанбетов қызметтік ұшағын беріп, барып қайтқанбыз. Франция. Париж. Мулин Ружда. Мулен Руждың әншілерінің концертінде, біздікіндей киіммен ән салмайды екен”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары ең керемет сәт деп бағалап, сүйікті айтыскер ақындарын қазіргі өмірімен салыстырып үлгерді. 

“Жап-жас болып тұрсыздар”, “Айнұрдың осы кезі қандай әдемі”, “Айтыстан абырой жинап, ахи болып кетті”. “Жандарбек ең кішкентай екен”, “Бәрі ақшаның соңынан кетті. Ақындық жолда қалды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.