Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Тез жеп алайын»: Нұрлан имам сәресіде 5-10 минут кешігіп ауыз бекіту қауіпті екенін айтты

Дінтанушы, Астанадағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы «Jibek Joly»  телеарнасындағы «Ораза қабыл болсын» бағдарламасында көрермендердің оразаға қатысты сұрағына жауап береді.

«Тез жеп алайын»: Нұрлан имам сәресіде 5-10 минут кешігіп ауыз бекіту қауіпті екенін айтты
Фото: видеодан скриншот

Рамазан айының төртінші күні тікелей эфирге хабарласқан көрермен «Ораза кезінде ауыз бекітер кезде кейді 5-10 минут кешігіп ауыз бекітемін. Тамақ жеп-жеп алайын деп. Осылай кешігіп бекітемін, бола ма?» деді. Сұрақ қойған жігіттің әңгімесіне имам күлді.

«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы күннің шығатын уақыты мен ауыз бекітетін сәресінің, ауыз ашатын ақшам уақытын жіті зерделеп, бекітеді. Сондықтан сіз ауыз бекітер кезде он минут кешіккеніңіз өте қауіпті. Тіпті, бұл оразаның дұрыс болмауына әкеп соғады. Сондықтан он минут кешігіп жегенше, он минут ерте тұра салыңыз. Ұялы телефоныңыздағы оятқышты 10-20 минут ерте қойыңыз», - деді имам.