Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елімізде 1 миллионнан астам азаматтың қарызы кешірілді

Белгілі болғандай, салық рақымшылығын пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық екен. 

Елімізде 1 миллионнан астам азаматтың қарызы кешірілді
фото: ашық дереккөз

Ел аумағындағы 1 млн-нан астам азаматтың 2 млрд теңге қарызы кешірілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, салық рақымшылығын пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық екен. 

Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, салық рақымшылығын өз пайдасына шешкендер қатары еліміз бойынша 70 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл заң салықтық берешегі бар жеке тұлғалар үшін көмек ретінде енгізілгенін айтады.

"Егер өсімпұл кешірілетін болса, тек қана сол салықтың негізгі сомасын ғана төлесе болады ғой. Ендеше, бұл - азаматтарға деген жеңілдік, біріншіден. Екіншіден, салық бойынша берешектерінен құтылу. Сонымен қатар салық жағдайын жақсарту", - деді Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов.