Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ел бойынша мүгедектерге арналған алғашқы монша Жамбыл облысында салынады

Оның құрылысы қаланың шуы мен қарбаласынан алыс Мамыр тоғайындағы жасыл желектің арасында жүргізілуде.

Ел бойынша мүгедектерге арналған алғашқы монша Жамбыл облысында салынады
фото: дереккөз

Жамбыл облысында еліміз бойынша тұңғыш рет мүгедектерге арналған монша салынатын болды, деп хабарлады paryz.kz, aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

"Асар" мүгедектермен жұмыс істейтін ұйымдар одағы» Заңды тұлғалар бірлестігіне арналған оңалту орталығының құрылысы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша басталған. Орталықтың құрылысы қаланың шуы мен қарбаласынан алыс Мамыр тоғайындағы жасыл желектің арасында жүргізілуде.

Орталық әзірге екі ғимараттан тұрады. Оның бірі толық күрделі жөндеуден өткен нысан болса, екіншісі – мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап, жергілікті құрылыс компаниясы тегін салып беріп жатқан ғимарат.

"АСАР" ЗТБ басшысы Руслан Төлегеновтің айтуынша, орталық үш бағыт бойынша жұмыс істейді екен. Олар – физиотерапия, зоотерапия және бизнес-оқыту. Ондағы мақсат – барлық тиісті үкіметтік емес ұйымдарды біріктіру, олардың күш-жігерін, бюджеттік және демеушілік қаражаттарын артық шығындамау, бір-бірін қайталамау, мүгедектер өмірінің мәселелерін шешу және жан-жақты қолдау көрсету.

Руслан Төлегеновтің айтуынша, мұндай монша еліміз бойынша ешбір өңірде салынбаған. Сол себепті, облыс әкімі мүгедектерге арналған моншаны Жамбыл облысында салу үшін жобасын әзірлеуді тиісті мамандарға тапсырған. Сондай-ақ ол моншаның құрылыс жұмыстары күн жыли сала басталуы қажеттігін ескертті.