Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Макрон отау құруға бел буған қазақ жастарын құттықтады

Франция Президенті Эмманюэль Макрон отау құрмақ болған қазақ жастарын құттықтады.

Макрон отау құруға бел буған қазақ жастарын құттықтады
Фото: instagram.com/sanzhartaizhan

«Сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Франция Президенті Э. Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады», - деп жазды Санжар Тайжан Instagram парақшасында.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнематериалдан жастардың Париж көшесінде Франция Президентімен кездесіп қалып, оған Қазақстаннан екенін, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екенін айтқанын байқауға болады.

Ал Эмманюэль Макрон таяуда елімізде болғанын, екі қазақы тазысының барын және олар үйінде екенін атап өтті. Сонымен қатар ол некелесуге уәделескен жастарды құттықтап, бар жақсылықты тілейтіндігін жеткізеді.