Адвокат Макиш Есқараев Adal Adam Youtube арнасына берген сұхбатында істі болған Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, өкінішке қарай өзінің қорғауындағы адам мен судья, тергеуші арасында «делдалдық» жасайтын адвокаттар бар.
«Біз де, сіз де әр адамға жауап бере алмайсыз. Қоғам болған соң ондай кездеседі. Бұл дұрыс емес. Адвокат делдалдық жасаған кезде, әділдік алыстайды. Ал егер, шынымен күресетін болса, онда әділдікке жақындайды, жүйе, қоғам әділдікке жақындайды. Сондықтан, ондай нәрсені «поощрять» етпеу керек, ол дұрыс емес нәрсе. Өзіміз адвокат бола тұра делдалдық жасасақ, әділдік туралы айтудың өзі ұят», — деді Макиш Есқараев.