Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды». Қымбат Досжан Жәнібек туралы шындықты айтты

Журналист Қымбат Досжан өзінің Instagram-дағы парақшасына анасын іздеп жүрген Жәнібекке қатысты кезекті жазбасын жариялады.

«28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды». Қымбат Досжан Жәнібек туралы шындықты айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл ретте ол алдымен Жәнібек туралы теріс ақпараттардың тарап кеткенін алға тартып, оның анасы не әкесі әлі табылмағанын ескертті.

Бармысың, бауырым?» редакциясы журналистік зерттеу жұмысын толық атқарып шықты. Құжат бермей, аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, Жәнібек деген ұлын тастап кеткен әйелді – ресми құжаттар бойынша Жәнібектің анасы деп жазылған әйелді біз желтоқсанда таптық. Бельгиялық әйел Арқалыққа келіп, бәленбай мың еуро санап бердім деген кісіні де білеміз. Тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр, ол құқық қорғау органдардың қолында.

Күні бүгінге дейін 28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды. Нәтиже – 0%. Тағы да болжамды ана немесе әке болуы мүмкін адамдар бар, зерттеу тоқтаған жоқ», - деді Қымбат Досжан.