Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда әйел 18-қабаттан құлап мерт болды: куәгерлер оқиға туралы айтты

Алматыда куәгерлер көпқабатты ғимараттың 18-қабатынан әйелдің құлауына қатысты оқиғаны айтып берді, - деп хабарлайды Paryz.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап

Алматыда әйел 18-қабаттан құлап мерт болды: куәгерлер оқиға туралы айтты
Фото: paryz.kz

Алматыда көпқабатты үй тұрғындары жантүршігерлік оқиғаның куәсі болған. Әйел 18-қабаттың балконынан құлап кеткен. Тірі қалуы мүмкін болмаған, ол сол жерде қаза болды. Оқиғаның мән-жайын қазір полицейлер анықтап жатыр.

Қайғылы оқиға күндіз қаладағы биік тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 22 жаста болған. Тұрғын үй кешенінің әкімшілігі әйел бұл үйде тұрмағанын айтты.

Сондай-ақ, ол осындағы тұрғындардың ешқайсына қонаққа келмегені айтылған. Түсте әйел кіреберістен үйге кіріп, жоғарғы қабатқа көтеріліп, балконға шыққан. Оқиға орнында марқұмның заттары табылған көрінеді: сөмке және ұялы телефон. Кейбір куәгерлер қыздың жүкті болғанын айтып отыр. Полиция әзірге мұндай мәліметтер бермеді.

"Жоқ, тұрмайды. Наурызбай ауданы, Шұғыла, Шұғыла ықшамауданы, сол жақтан. 2002 жылғы студент. Паспорт бойынша 22 жаста... Дереу жедел жәрдем мен полиция шақырдық", - дейді "Манхэттен" тұрғын үй кешенін басқарушы компания директоры Ерлан Жәнібеков.