Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Түрмеден хабарласады": Нұрқаділовтің қарындасын біреулер қорқытып жүр

Баспана алу үшін марқұм Нұрқаділовтің атын пайдаланды деп айыптайды екен.

"Түрмеден хабарласады": Нұрқаділовтің қарындасын біреулер қорқытып жүр
фото: видеодан скриншот

"Заманбек Нұрқаділовтің қарындасымын" деген кейуана баспаналы болды, деп хабарлады paryz.kz.

"Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Рая Қалабаеваның қызы өзін әлдекімдердің қорқытып жүргенін жеткізген. Белгілі болғандай, халықтан түскен 10 миллион теңгеге анасы мен қызы 1 бөлмелі пәтер алды. Халыққа алғысын айтып, қуанышымен бөлісті. 

"Мен ең әуелі Аллаға, одан соң халқыма алғысымды айтамын. Қазақ халқының ең мейірімді, ең қайырымды халық екеніне көзім жетті. Бір күн ішінде 7,5 миллион теңге түсті. Бүгінгі күнге дейін 10 миллион теңге жиналды. Ауданымыздың жігіттері біршама ақша қосты. Осылайша баспана алдық", - деді Әсел Қалабаева.

Баспаналы болған ана мен қызының тағы бір уайымы бар екен. Осы уақыт аралығында өзін қорқытып, түрмеден хабарласып, ауыр сөздер айтқандар болған. 

"Маған қоқан-лоққы көрсетті. Түрмеден хабарласып, қысым жасады. Тек телефон арқылы қорқытты. Мен қорқып, телефон қоңырауларына жауап бермедім. Бауырлар арасында адам өлімі болмасын, мен оның бауырымын деп біреулер хабарласты", - деді Қалабаева.

Айта кетейік, Әсел Қалабаева көпшілік алдына шыққаннан бастап оларды даттаушылар пайда болған. Баспана алу үшін марқұм Нұрқаділовтің атын пайдаланды деп айыптайды екен. Ал Мақпал Жүнісова "Зәкеңнің ондай қарындасы жоқ" деген болатын.

Тағы оқи отырыңыз: Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы халықтан көмек сұрады

"Мен сенбеймін": Жүнісова "Нұрқаділовтің қарындасы" туралы айтты

Әсел Қалабаева өзіне айып таққандарға жауап берді. 

"Мен өтірік айтқан жоқпын. Мен анамнан естігенімді айттым. Анамның құжатында аты-жөні көрсетілген. Анам да өтірік айтпайды. Мен Алланың алдында адалмын. Заманбек атаның атын пайдаланайын деген ойым болған жоқ. Артық сөз айтсам, кешірім сұраймын. Барша көмек қолын созған жандарға алғысымды айтамын", - деді Әсел.