Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Бір-бірімізге айтатын күн емес»: Алғыс айту күнінің маңызы туралы

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері, журналист Абай Балажан өзінің Facebook парақшасында Алғыс айту күніне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бір-бірімізге айтатын күн емес»: Алғыс айту күнінің маңызы туралы
Фото: Казахстанская правда

«Өтініш, "Пәленшеме алғыс айтамын, Түгеншеге рахмет айтамын" деп шулап кетпей, тыныш отырыңыздаршы. Бұл күні Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қазақтарға алғыс айтады. Ал, сен Пәленшеге, Түгеншеге алғысыңды күнде айта бер, тек бүгінгі күннің маңызын төмендетпе, жарай ма?! Пәленше мен Түгеншеге алғысты 2- наурыздан бастап, күнде айта бер!», - дейді журналист.

«Дұрыс айтасыз. Алғыс айту күнінің өзіндік маңызы бар. Бірақ таңертеңнен бері ұялы телефонымыз видео роликтер мен смс-терден алғыстар қарша жауып, кері байланыс беріп отырмын. Біріне алғысты айтуды бір күнге белгілемесе айтпайсыңдар ма, деп айтсам біріне бұл күннің өзіндік маңызы барлығын тәмпіштеп айттым», - дейді оқырмандар.

Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.