Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

БҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген студент қыз сотталды

2020 жылдың күзінде жоғары педагогикалық колледждің екінші курс студенті өзінің досынан жүкті болғанын білген. Бірақ бойжеткен бұл туралы ешкімге айтпаған...

БҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген студент қыз сотталды
фото: ашық дереккөз

БҚО-ның Казталов ауданының 19 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол баланы целлофан пакетіне орап, көшедегі дәретханаға лақтырған, деп хабарлады paryz.kz, "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

4 ақпанда Казталов аудандық №2 сотында осы іс бойынша сот үкімі жарияланды. Үкімді судья Айвар Бижанов жария еткен.

Басылым ақпараты бойынша, 2020 жылдың күзінде жоғары педагогикалық колледждің екінші курс студенті өзінің досынан жүкті болғанын білген. Бірақ бойжеткен бұл туралы ешкімге айтпаған.

"23 қарашада қыздың іші ауыра бастайды. Сағат 16.00 шамасында қыздың анасы дүкенге кетеді, ал қалған отбасы мүшелері өз бөлмелерінде болған. Қыз дәлізге шығып, баласын босанады. Қатты шошынған ол баланың кіндігін қайшымен кесіп, целлофан пакетіне орап, жер үйдің сарайында орналасқан көше дәретханасына лақтырады. Осылайша ол жаңа туған баласын өлтірген. Содан кейін ол дәліздегі қанды сүртіп, жуынып, бөлмесіне барып жатқан. Дүкеннен оралған қыздың анасы оның өзін нашар сезінгенін көріп, күйеуімен ауруханаға апарған. Медициналық мекемеде болған оқиға анықталған", - делінген үкімде.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Бала шамамен 8-8,5 айлығында дүниеге келген. Сотталушы қыз кінәсін толық мойындаған. Қыз бала әкесі жауапкершіліктен бас тартқанын, сондықтан ол ата-анасынан қорыққандықтан айта алмағанын жеткізген.

"Сот үкімімен Казталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны ҚР ҚК-нің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды", - деп атап өтті сот.