Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Байқамай балағат сөз айтқан депутат 80 мың айыппұл арқалады

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы кезінде депутат Тимур Елеусізов баяндамасы барысында кейбір сөзді айтуға қиналып, салдарынан эмоцияға беріліп, балағат сөз айтып жіберген, деп хабарлайды paryz.kz. 

Байқамай балағат сөз айтқан депутат 80 мың айыппұл арқалады
фото: әлеуметтік желіден

Отырыстан кейін халық қалаулысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.

Бүгін депутат өзінің Instagram-дағы парақшасында полиция бөліміне барып, түсініктеме жазғанын айтты.

"РОВД-ға" бардым. Түсініктеме жаздым. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес ұсақ бұзақылық жасады деп жауапкершілікке тартылдым. "Қолыңмен жасағаныңды, мойныңмен көтер" дейді ғой. Бұл оқиға заң алдында бәрі тең екенін көрсетті, - деді Елеусізов.