Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ғалымдар жар таңдауда дауыс ырғағының маңызды екенін анықтады

Ғалымдар дауыс тембрі төмен  адамдарды көпшілік сенімді жұп ретінде, ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа лайықты деп қабылдайтынын анықтады, деп хабарлайды Sage Journals

Ғалымдар жар таңдауда дауыс ырғағының маңызды екенін анықтады
Фото: pixabay.com

Экспериментке 22 елден 16-40 жас аралығындағы 2500 адам қатысты. Барлығына әр түрлі ерлер мен әйелдердің дауыстарының жазбаларын тыңдап, бұл адамдардың мінезі қандай екенін болжау және олардың сыртқы келбетін бағалау ұсынылды.

Содан кейін зерттеуге қатысушылар спикерлердің қайсысын қысқа мерзімді романтикалық қарым-қатынас құруға  және  қайсысын ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа лайық деп ойлайтынын айтты. Нәтижесінде терең дауысты, яғни дауыс ырғағы төмен ерлер мен әйелдер қарым-қатынас орнату үшін ең тартымды болып саналды.